23
апрель
2025
Табиғатты аялау – болашақты қорғау!

Бүгін мектебімізде “Таза Қазақстан” жалпыұлттық акциясы аясында “Табиғатты аялайық” тақырыбында бірыңғай экологиялық тәрбие сағаттары өтті.
Сабақ барысында оқушылар табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау туралы мағлұматтар алып, қоршаған әлемге деген сүйіспеншіліктерін білдірді.
Таза табиғат – таза болашақ!
Оқушылар өз ойларын ортаға салып, экологияны сақтаудың маңыздылығы туралы әңгімелесті, бейнероликтер тамашалап, өздерінің табиғатқа арналған шығармашылық жұмыстарын таныстырды.
Мұндай тәрбие сағаттары жас ұрпақтың табиғатқа деген жанашырлығын оятып, экологиялық сана-сезімін арттыруда үлкен рөл атқарады. [media=https://www.instagram.com/p/DIyXFR2oIis/?img_index=1]