✅️Құрметті ата-аналар!
Шымкент қаласы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында қала аумағында орналасқан кинорумдарда түнгі сағат 22:00-ден кейін кәмелетке толмаған жасөспірімдердің топтанып жүру фактілері жиілеп кеткені анықталды. Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың артуына, сонымен қатар қоғамдық тәртіптің бұзылуына әкелуде. Бұл – балалардың қауіпсіздігіне, тәрбиесіне және болашағына тікелей қауіп төндіретін алаңдатарлық мәселе.