Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
🎯 Республика күні – ұлттық рух пен зерденің мерекесі! 🇰🇿
24
октябрь
2025
🎯 Республика күні – ұлттық рух пен зерденің мерекесі! 🇰🇿
Республика күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында мектебімізде тоғызқұмалақ сайысы өткізілді. Ұлттық ойынымызды дәріптеуді мақсат еткен бұл сайыс оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, сабырлылығы мен тапқырлығын арттырды. Қатысушылар ұлттық мұрамызды құрметтеп, өз білімдері мен шеберліктерін көрсетті. 🏆 Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықты нығайта түседі. 🇰🇿 [media=https://www.instagram.com/p/DQMu8iyCJMH/?img_index=1]
Республика күні – ұлт мерейі, ел бірлігі күні! 🇰🇿
24
октябрь
2025
Республика күні – ұлт мерейі, ел бірлігі күні! 🇰🇿
Мектебімізде Республика күнін мерекелеу аясында “Қыран елім – Қазақстаным” тақырыбында біріңғай сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың отансүйгіштік сезімін арттыру, ел тарихына, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті қалыптастыру. Бір мезетте мектеп дәлізінде барлық оқушылар мемлекеттік Әнұранды зор мақтанышпен орындап, мерекелік рухты асқақтата түсті. 🇰🇿 [media=https://www.instagram.com/p/DQL510KiEeU]
🎶 “Алтын домбыра” — өнер мен рухтың үндестігі! 🎶
24
октябрь
2025
🎶 “Алтын домбыра” — өнер мен рухтың үндестігі! 🎶
Шымкент қаласы білім басқармасының ұйымдастыруымен қазақтың ұлы композиторы, күйші, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған “Алтын домбыра” атты қалалық күй байқауы өтті. Бұл байқауда мектебіміздің оқушылары өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, І орынға ие болды! 🏆 Жетекшісі – Меруерт Айтқұлова. Дарынды шәкірттер мен жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! 👏 Ұлттық өнерімізді ұлықтап, күйдің құдіретін таныта беріңіздер! 🎵 [media=https://www.instagram.com/p/DQL_JjiiCEN]