Флешмоб: «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!»
2024 жылдың 6 желтоқсанында сағат 12:00-де мектебімізде республика бойынша ұйымдастырылған «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» флешмобына барлық сыныптар белсенді түрде қатысты. Іс-шара аясында дене шынықтыру сабақтарында оқушылар бірдей жаттығулар орындап, салауатты өмір салтын насихаттауға атсалысты. Мұндай шаралардың басты мақсаты – оқушылар арасында денсаулықты сақтаудың маңыздылығын түсіндіру және дұрыс әдеттерді қалыптастыру. Барлық қатысушылардың белсенділігі мен ынтасы жоғары болды.