Бүгін қалалық Пушкин кітапханасында “Қ.А.Яссауи дүние танымды және
Бүгін қалалық Пушкин кітапханасында “Қ.А.Яссауи дүние танымды және діни, рухани мәдениет” тақырыбында мектебіміздің 9-10 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел болып өтті. Мақсат - жасөспірімдерді рухани мәдениетке баулу. Іс-шарада ғұламаның өмірбаяны, шығармашылығы, ислам дінінің таралуына қосқан үлесі, сопылық ілімі жайында сөз қозғалды. Жиын барысына білім алушылар белсенді қатысып, философтың ғибартты әңгімелерін тыңдап, өз ойларын ортаға салды.