“Мектебім, саған мың алғыс!”
Бүгін мектебімізде дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Мектебім, саған мың алғыс!» атты әсерлі іс-шара өтті. Бұл – түлектердің алтын ұя мектебіне деген шексіз ризашылығын білдіретін ерекше күн. 2024-2025 оқу жылында мектебімізді 308 түлек аяқтап отыр. Олардың ішінде: – 10 оқушы — «Алтын белгі» иегері, – 14 оқушы — Лучший аттестат иегері атанып, мектебіміздің мерейін үстем етті. Іс-шара барысында түлектер ұстаздарына алғыс айтып, жүрекжарды тілектерін білдірді. Мектеп ұжымы жас түлектерге сәттілік