Қайырымдылық – жүректен! ✨
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған “Наурызнама” онкүндігі аясында мектебімізде “Қайырымдылық пен мейірімділік” күніне арналған ерекше акция өтті. Қайырымдылық – ізгіліктің айнасы. Бұл күні оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналар бірлесе отырып, балаларды Наурыз мерекесімен құттықтау үшін кеңсе тауарларын жинау акциясын ұйымдастырды. Жиналған қалам, дәптер, бояу, түрлі-түсті қарындаштар мен басқа да оқу құралдары балалардың білім алуына септігін тигізеді.