Информация » Страница 12 » «№23 Космодемьянская атындағы мектеп-лицей» КММ
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №23 имени З. Космодемьянской»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Версия для
слабовидящих
“Желтоқсан ақиқаты” қозғалысының батырларымен кездесу.
18
декабрь
2024
“Желтоқсан ақиқаты” қозғалысының батырларымен кездесу.
Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Абдукаримов пен мектеп Парламентінің премьер-министрі Алиайдар Жания Шымкент қалалық “Желтоқсан ақиқаты” патриоттық қозғалысы РҚБ филиалы ұйымдастырған желтоқсаншылармен кездесуге қатысты. Кездесуге желтоқсан оқиғасының куәгерлері, еліміздің нағыз батырлары жиналды. Қозғалыс төрағасы Оспанова Гүлмира Болатқызы бастаған кездесуге мына азаматтар қатысты: • Төраға орынбасары: Бекботаев Нұржан Өктемұлы • Төраға орынбасары: Толықбек Гүлсім Аманқызы •
Тәуелсіздік – ең қымбат қазынамыз!
16
декабрь
2024
Тәуелсіздік – ең қымбат қазынамыз!
Мектебімізде Тәуелсіздік күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылып, оқушылар өз өнерлерімен барша қауымды қуантты. Балалар жүрекжарды тақпақтарын оқып, хорда ән шырқады, мың бұрала билеп, өнерлерін ортаға салды. 🎤 Мектеп директоры Жанар Жорақызы барлық қатысушыларды құттықтап, Тәуелсіздіктің мәні мен маңызына ерекше тоқталып өтті: “Тәуелсіздік – ата-бабамыздың асыл арманы, бүгінгі ұрпақтың асқақ мұраты. Біздің міндетіміз – осы қасиетті құндылықты мәңгілік сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу!” 🌟
Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры!
16
декабрь
2024
Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры!
Мектебіміздің оқушылары қасиетті Тәуелсіздік мерекесіне орай ерекше белсенділік танытып, заманауи трендтер түсіріп, өзара жарысуда. Әрбір түсірілген туындыда елге деген шексіз сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімдері көрініс тапқан. 📹 Оқушылар шығармашылығын ұлттық рухпен ұштастырып, тәуелсіздіктің қадірін өз көзқарастарымен жеткізіп, мерекенің мәнін айшықтай түсті. Бұл жарыс – жастардың Отанға деген сүйіспеншілігінің жарқын көрінісі! 🌟 Тәуелсіздік туы биікте желбіресін, ал біздің жас буын
Торжественная церемония принятия в ряды организации “Жас Қыран”
13
декабрь
2024
Торжественная церемония принятия в ряды организации “Жас Қыран”
В нашей школе состоялась торжественная церемония принятия учащихся в ряды Единой детско-юношеской организации «Жас Ұлан» и «Жас Қыран». Данная организация направлена на воспитание молодого поколения как настоящих патриотов, трудолюбивых, стремящихся к знаниям, уважающих национальные и общечеловеческие ценности. 🌟 Во время мероприятия учащиеся были торжественно приняты в ряды организации «Жас Қыран» и дали клятву служить на благо Родины. Это мероприятие оставило глубокий след в сердцах детей,
3 «Ж» сынып ата-аналар жиналысы
06
декабрь
2024
3 «Ж» сынып ата-аналар жиналысы
3 «Ж» сыныбында ата-аналармен ерекше жиналыс өтті. Кездесуді ұйымдастырған сынып жетекшісі А.Ауелбекова ата-аналар үшін қызықты әрі әсерлі шаралар дайындады. Жиналыс барысында: • ата-аналар ерекше қарсы алынып, балалардың алдын-ала жазған жүрекжарды хаттарын оқып, үлкен әсер алды; • түрлі ойындар ойнап, балаларымен қарым-қатынасты нығайтуға арналған жағымды тәжірибелермен бөлісті; • сауалнамалар толтырылып, ата-аналар өз пікірлерін ортаға салды. Жиналыс жылы әрі достық атмосферада өтті. Мұндай
«Буллингтен қорған»
06
декабрь
2024
«Буллингтен қорған»
10 «А» және 10 «В» сынып оқушылары «Буллингтен қорған» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Бұл маңызды шараны ұйымдастырған мұғалім М.А.Чичерина буллинг мәселесін талқылап, оның алдын алу жолдарын қарастыруға мүмкіндік берді. Сабақ барысында: • оқушылар буллинг жағдайларын сахналық көріністер арқылы бейнелеп, өмірден алынған мысалдармен бөлісті; • пікірталастар ұйымдастырылып, буллингтің зияны мен оны болдырмау жолдары талқыланды; • бір-бірін құрметтеу және жанашырлықтың маңыздылығы
Флешмоб: «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!»
05
декабрь
2024
Флешмоб: «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!»
2024 жылдың 6 желтоқсанында сағат 12:00-де мектебімізде республика бойынша ұйымдастырылған «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» флешмобына барлық сыныптар белсенді түрде қатысты. Іс-шара аясында дене шынықтыру сабақтарында оқушылар бірдей жаттығулар орындап, салауатты өмір салтын насихаттауға атсалысты. Мұндай шаралардың басты мақсаты – оқушылар арасында денсаулықты сақтаудың маңыздылығын түсіндіру және дұрыс әдеттерді қалыптастыру. Барлық қатысушылардың белсенділігі мен ынтасы жоғары болды.
7-сынып қыздарымен жиналыс: «Қыз гигиенасы»
03
декабрь
2024
7-сынып қыздарымен жиналыс: «Қыз гигиенасы»
7-сынып оқушыларымен «Қыз гигиенасы» тақырыбында танымдық жиналыс өткізілді. Жиналыстың мақсаты – қыздардың жеке бас тазалығын сақтау мәдениетін қалыптастыру және гигиеналық дағдыларды дамыту. Мектеп медбикесі И.Қансейтова қыздарға жеке бас гигиенасының маңыздылығы, дұрыс күтім жасау тәсілдері және денсаулықты сақтау туралы пайдалы кеңестер берді. Жиналыс барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. Жиналыс соңында әр қызға жеке гигиенаға қажетті заттар
Кең ауқымды жаттығулар мен қызықты эстафеталар
30
ноябрь
2024
Кең ауқымды жаттығулар мен қызықты эстафеталар
2 “Вқ” сынып оқушыларымен «Кең ауқымды гимнастикалық жаттығулар» тақырыбында эстафеталық ойындар өтті. Сабақты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А. Минлибаева жоғары деңгейде ұйымдастырды. Эстафеталық ойындар оқушылардың қозғалыс белсенділігін арттырып, ептілік пен жылдамдықты дамытуға бағытталды. Сабақ барысында балалар өзара жарысып, ұйымшылдық пен топтық жұмыс дағдыларын шыңдады. Жаттығулардың әртүрлілігі мен ойын түрінде өткізілуі оқушылардың қызығушылығын арттырды. Белсенді сабақтар –
Гимнастика шеберлігі: 9 “З” сыныбымен ашық сабақ
30
ноябрь
2024
Гимнастика шеберлігі: 9 “З” сыныбымен ашық сабақ
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Б. Тазабеков 9 “З” сынып оқушыларымен «Гимнастикалық жаттығулар» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар гимнастикалық элементтердің дұрыс орындалу техникасын меңгеріп, дене икемділігін арттыруға бағытталған түрлі жаттығуларды орындады. Бұл сабақ олардың дене дайындығын ғана емес, тепе-теңдікті сақтау және икемділік қабілеттерін де дамытты. Оқушылардың белсенділігі мен сабаққа деген қызығушылығы жоғары деңгейде болды. Мұндай сабақтар денсаулықты