24
февраль
2025
«Тазалықты өзіңнен баста» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаты өтті

19 ақпан күні сағат 14:10-да Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі бастамасымен ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында «Тазалықты өзіңнен баста» атты бірыңғай тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау маңыздылығын түсіндіру және тазалықты сақтау дағдыларын дамыту. Сабақ барысында балаларға табиғатты аялау, қоқысты сұрыптау және жеке бастың тазалығы туралы мағлұмат берілді.
Оқушылар белсенділік танытып, тазалық сақтау бойынша өз ойларымен бөлісті. Бұл тәрбие сағаты қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңызын ұғындыруға бағытталды. [media=https://www.instagram.com/p/DGdlXyqI7KS/?img_index=1]