21
март
2025
Ұлттық киім – ұлттың айнасы!

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында өтіп жатқан “Наурызнама” онкүндігі аясында “Ұлттық киім күні” қарсаңында 7-сынып оқушылары арасында ұлттық киім үлгісін дәріптеу сайысы ұйымдастырылды.
Бұл сайыс – ата-бабамыздан қалған асыл мұраны насихаттап, ұлттық сән өнеріне деген қызығушылықты арттыруға бағытталған. Оқушылар дәстүрлі киім үлгілерін ерекше мақтанышпен таныстырып, әрбір ою-өрнектің, әрбір сәндік элементтің терең мағынасын жеткізе білді.
Ұлттық киім – тек сән үлгісі ғана емес, халқымыздың тарихы мен мәдениетінің көрінісі. Өскелең ұрпақтың бойында қазақы болмысты, ұлттық рухты сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Дәстүріміз дәріптеліп, ұлттық құндылығымыз ұлықтала берсін! [media=https://www.instagram.com/p/DHeE-xcI4Cg/?img_index=1]