22
январь
2025
ПАРАЗИТТІК АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ

Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тапсырмасына сәйкес, мектебімізде паразиттік аурулардың, оның ішінде эхинококкоз, аскаридоз, педикулез, дерматомикоз, қышыма сияқты жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында санитарлық-профилактикалық шараларды сақтау бойынша кездесу өтті.
Іс-шара аясында:
• Паразиттік аурулардың алдын алу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
• Тақырыптық дәрістер, диктанттар және интерактивті сабақтар ұйымдастырылды.
Бұл шаралар инфекциялардың таралуын болдырмау және балалардың денсаулығын қорғау мақсатында өткізіліп отыр. Барлық ата-аналар мен оқушыларды сақтық шараларын ұмытпауға шақырамыз! [media=https://www.instagram.com/p/DFHtvr7oHt_/?img_index=1]