22
январь
2025
ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ, НАШАҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛІМЖЕТТІКТІҢ АЛДЫН АЛУ – БІЗДІҢ БАСЫМ БАҒЫТЫМЫЗ

Бүгін мектебімізде оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау мақсатында маңызды түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында ДТІЖО Н.Абдукаримов пен мектеп инспекторы М.Саятов оқушыларға зорлық-зомбылық, нашақорлық және әлімжеттіктің зияны мен олардың алдын алу жолдары туралы жан-жақты ақпарат берді.
Кездесу барысында:
• Қауіп-қатерден сақтану жолдары түсіндіріліп, нақты мысалдар келтірілді.
• Оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы айтылып, заң тұрғысынан кеңестер берілді.
• Өмірлік қиын жағдайлардан қалай шығу керектігі туралы пайдалы ақпарат ұсынылды.
Іс-шара оқушылардың бойында жауапкершілік пен қауіпсіздік туралы түсінік қалыптастыруға бағытталды. Оқушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, өздерін алаңдатқан мәселелер бойынша пікір алмасты.
Бұл жұмыс – зорлық-зомбылық пен құқықбұзушылықтың алдын алып, балаларымыздың жарқын болашағын қорғауға арналған маңызды қадам.
https://www.instagram.com/p/DFIbV8nIC2K/?img_index=1