14
январь
2025
Абылайхан университетімен тағылымды кездесу
Бүгін Шымкент қаласындағы Rixos қонақ үйінде ерекше мазмұнды және әсерлі іс-шара өтті. Абылайхан университетінің ұжымы мен З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушылары арасында тағылымды кездесу ұйымдастырылды.
Бұл кездесу оқушылар үшін өздерінің болашақ мамандықтарын айқындауда үлкен маңызға ие болды. Университет өкілдері әрбір мамандықтың ерекшелігі, оқу барысы мен мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат беріп, оқушылардың сұрақтарына толыққанды жауап ұсынды.
Жиын барысында оқушылар тек тыңдаушы болып қана қоймай, белсенді түрде сұрақтар қойып, университет ұжымы мен студенттерімен ашық пікір алмасты. Әсіресе, шетелдік білім алу, халықаралық бағдарламалар және заманауи мамандықтар туралы ақпарат оқушылардың ерекше қызығушылығын оятты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру, олардың кәсіби дамуына қолдау көрсету болды. Бұл кездесу оқушыларға өз болашақтарын жоспарлауға деген сенім беріп, үлкен мотивация сыйлады.
№23 мектеп-лицейі атынан Абылайхан университетінің ұжымына пайдалы ақпараттар мен жылы қабылдауы үшін алғысымызды білдіреміз. Оқушыларымыздың жарқын болашағы үшін осындай кездесулердің маңызы зор!
https://www.instagram.com/p/DExlnrQoGBd/