Материалы за 01.10.2025 » «№23 Космодемьянская атындағы мектеп-лицей» КММ
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №23 имени З. Космодемьянской»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Версия для
слабовидящих
🌹 Қалдырған ізің мәңгілік… 🌹
01
октябрь
2025
🌹 Қалдырған ізің мәңгілік… 🌹
Ұстаз — ұрпақ жадында өшпес із қалдыратын мәңгілік тұлға. Осы тақырып аясында мектебімізден зейнеткерлікке шыққан ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіліп, құттықтау бейнеролигі түсірілді. Бұл игі шара – саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнаған ардақты ұстаздарымызға деген шынайы алғыс пен ыстық ықыластың белгісі. ✨ Ұстаз еңбегі — мәңгілік, шәкірт жүрегіндегі ізі — өлмес өнеге! 🌟 [media=https://www.instagram.com/p/DPRJqP_CADY/?img_index=1]
Президент алдағы Ұстаздар күнімен құттықтады
01
октябрь
2025
Президент алдағы Ұстаздар күнімен құттықтады
🟦Мемлекет басшысы мұғалімдердің кәсіби мерекесі елімізде ерекше аталып өтетінін жеткізіп, ұстаздар қауымына зор құрмет көрсетілетінін айтты. – Міржақып Дулатұлы «Халыққа ең пайдалы адам – мұғалім» деген. Мұғалім – әр азамат үшін өте қадірлі тұлға. Басқа сөзбен айтқанда, мұғалім – әрбір балаға өмір жолын көрсетеді. Ұстаз – тәлім-тәрбие мен білімнің қайнар көзі. Кез келген қоғамның кемелдігі, өркениеттілігі ұстазға деген қатынасымен өлшенеді. Ұстазын ұлықтаған елдің ұрпағы саналы, болашағы жарқын