25
апрель
2026
♟️🏆 Мақтанышпен құттықтаймыз! 🏆♟️
Сербияның Врнячка-Баня қаласында өткен 8–18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы рапид және блиц шахматтан әлем чемпионатында еліміздің жас шахматшылары жоғары нәтиже көрсетті.
🌍 40 елден 437 спортшы қатысқан дүбірлі додада Қазақстан құрамасы 21 медаль жеңіп алып, оның 9-ы алтын жүлде иеленді.
Осы әлем чемпиондарының қатарында мектебіміздің оқушысы Нұрханқызы Аделина да бар!
🥇 Рапид түрі бойынша І орын иеленіп, Әлем чемпионы атанды.
🥉 Блиц түрі бойынша ІІІ орын алып, жүлдегерлер қатарынан көрінді.
🏆 Аделина халықаралық додада екі бірдей кубок жеңіп алып, ел мерейін асқақтатты.
Бұл — табандылық пен тынымсыз еңбектің, биік мақсатқа ұмтылыстың айқын жемісі.
👏 Аделинаны зор жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз![media=https://www.instagram.com/p/DXhGY2UCGPs/?img_index=1]