Лицей күні – дәстүр мен достықтың жарқын мерекесі! » «№23 Космодемьянская атындағы мектеп-лицей» КММ
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №23 имени З. Космодемьянской»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Версия для
слабовидящих
» » Лицей күні – дәстүр мен достықтың жарқын мерекесі!
20
ноябрь
2024

Лицей күні – дәстүр мен достықтың жарқын мерекесі!


16 қараша күні №23 мектеп-лицейінде ерекше мереке – Лицей күні аталып өтті. Бұл күн лицей тарихында өшпес дәстүрге айналып, оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен бірлігін айшықтайтын айтулы шараға айналды.

Бұл жылы лицейдің 8-сынып оқушыларына салтанатты түрде “лицейист” атағы беріліп, олар ерекше құрметке ие болды. Ал 9-сынып оқушылары өздерінің профильдерін сахнада таныстырып, керемет өнер көрсетті. Әділқазылар құрамына мектеп директоры Тойлыбаева Ж.Д., директордың орынбасары Исмаилова Ж.А. және музыка пәнінің мұғалімі Сейлбекова К.К. кірді. Бағалаудың нәтижесінде:
• 1 орын – 9 «Е»
• 2 орын – 9 «И», 9 «Ж»
• 3 орын – 9 «Ә», 9 «З»

10-сынып оқушылары өз сыныптарының ерекшеліктерін бейнеролик арқылы көрсетіп, тамаша нәтижелерге қол жеткізді:
• Гран-при – 10 «И»
• 1 орын – 10 «Ә»
• 2 орын – 10 «З»
• 3 орын – 10 «Е»

Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталса, 8-сынып оқушыларына естелік сыйлықтар табысталды. Іс-шараның соңында лицей оқушылары Лицей Гимнін шырқап, мерекені ерекше рухпен аяқтады.

Лицей күні – білім мен бірліктің мерекесі. Лицей оқушыларына шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер тілейміз! [media=https://www.instagram.com/p/DCjMhWnoedw/]

Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив