09
ноябрь
2024
ЭСТАФЕТАЛЫҚ САЙЫС ӨТТІ

№ 23 мектеп-лицейінде Шымкент қаласының «Жастар ресурстық орталығы” және Психикалық денсаулық орталығы бірлесе спорттық сайыс өткізді. Яғни,
жұмыс кезінде стресті төмендету қызметкерлерді сергіту мақсатында «Жұмыс орнындағы психикалық денсаулық» атты эстафеталық сайыс ұйымдастырылды.
Сайысқа үш команда қатысып, жүзден жүйріктер анықталды. Қатысушылар арқан тартысып, шеңбер бойымен жүгірді. Қап арқылы кедергілерден өтіп, шапшаңдық пен тапқырлықты сынға салды. Сайыс қорытындысына сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.