06
октябрь
2024
Ұстаздар күніне орай ерекше шара — «Дублёр күні» өтті.

Бұл күнде мектеп парламенті ұйымы бастамашылдық танытып, оқушылар мектеп әкімшілігі мен мұғалімдердің рөлін сомдады. Мектепке кіре берістен оқушыларды қарсы алып, күнделікті оқу үрдісін басқаруға атсалысты. Сабақтар өткізді, мектеп өмірінің барлық маңызды сәттеріне қатысып, ұстаздарымыздың қиын да құрметті еңбегін өз көзімен көріп, сезінді.[media=https://www.instagram.com/p/DAv0_HftmeO/]
«Дублёр күні» – бұл тек қызықты шара ғана емес, сонымен қатар мектептегі ұжымдық рухты нығайтып, оқушыларға жауапкершіліктің маңызын сезінуге мүмкіндік беретін ерекше шара.