Нашақорлыққа жол жоқ!» сурет байқауы өтті » «№23 Космодемьянская атындағы мектеп-лицей» КММ
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №23 имени З. Космодемьянской»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Версия для
слабовидящих
» » Нашақорлыққа жол жоқ!» сурет байқауы өтті
02
декабрь
2025

Нашақорлыққа жол жоқ!» сурет байқауы өтті


Бүгін 6-сынып оқушылары арасында «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында сурет байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – балаларға салауатты өмір салтының маңызын түсіндіру, зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу және өз ойларын өнер арқылы жеткізуге мүмкіндік беру.

Оқушылар өз суреттері арқылы нашақорлықтың адам өміріне қауіпті екенін, ал дұрыс таңдау – денсаулық, спорт және жарқын болашақ екенін көрсете білді. Әр жұмыс өзіндік ойымен, түстер үйлесімімен және терең мағыналы жеткізілімімен ерекшеленді.

Байқауға қатысқан барлық оқушыларға белсенділігі мен шығармашылығы үшін алғыс айтамыз!
Салауатты өмір салтын бірге насихаттайық – нашақорлыққа жол жоқ! 🚫🌿 [media=https://www.instagram.com/p/DRwIU7diJYy/?img_index=1]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив