ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІНІҢ АЛЫБЫ — МҰХТАР ШАХАНОВ МЕКТЕБІМІЗДЕ! » «№23 Космодемьянская атындағы мектеп-лицей» КММ
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №23 имени З. Космодемьянской»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Версия для
слабовидящих
» » ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІНІҢ АЛЫБЫ — МҰХТАР ШАХАНОВ МЕКТЕБІМІЗДЕ!
19
апрель
2025

ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІНІҢ АЛЫБЫ — МҰХТАР ШАХАНОВ МЕКТЕБІМІЗДЕ!


Қазақ поэзиясының шоқ жұлдызы, ғасырдың ғаламат ақыны — Мұхтар Шаханов мектебімізге арнайы келіп, руханият әлемінің төріне айналған ерекше кештің қадірлі қонағы болды.

“Мықтылығын мойындатқан қаламгер” атты әдеби-сазды кеш үш бөлімнен тұрды:

I бөлім — “Шаханов жырлары – рухтың үні”
Бұл бөлімде мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Баймахан Абай мен өнерлі оқушылар ақынның жүрек тербетер жырларын нақышына келтіре орындады.
Сондай-ақ, 10 «Ә» сынып оқушылары ақынның “Танакөз” поэмасының негізінде сахналық қойылым ұсынып, көрермендерді ерекше әсерге бөледі.
Музыка пәні ұстаздары ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді. Бұл бөлім ақын шығармашылығына деген зор құрметтің, рухани байлықтың биік көрінісіне айналды.

II бөлім — “Ақынмен ашық сұхбат”
Оқушылар ақынға көкейлеріндегі сауалдарын қойып, батасын алды. Бұл еркін форматтағы кездесу жас буын мен ұлт ақыны арасындағы рухани көпір іспеттес болды.

III бөлім — “Тірі аңызға – тағзым”
Ақынға арналған арнау жырын шәкірт Махан Бақдәулет тебірене оқыды. Сонымен қатар, 10 «Ә» сынып оқушылары ақынның өмір жолы мен ерен ерліктерін арқау еткен бейнеролик көрсетіп, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.

Кеш соңында Мұхтар Шаханов ұстаздар мен оқушыларға өз ризашылығын білдіріп, ұйымдастырушыларға жүрекжарды алғысын айтты.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Турегельдиева Акмарал Тураровнаға ерекше алғысын жеткізді.
Мектебіміздің директоры Тойлыбаева Жанар Жорақызы ақынға шапан жауып, арнайы сый-құрмет көрсетті.
Оқушылар ақыннан қолтаңбалы кітап алып, естелік суретке түсті.

Мұхтар Шахановтың өмірі мен өнегесі – өскелең ұрпаққа үлгі. Елдік пен ерлікке үндеген өлеңдері – мәңгілік мұра!
Бұл кеш — мектеп тарихында руханиятқа толы жарқын күн ретінде сақталады. [media=https://www.instagram.com/p/DIoC0KFo5g0/]

Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив