12
апрель
2025
Қасым-Жомарт Тоқаев №2 Оқушылар сарайын аралап көрді

✔️ Заманауи қосымша білім беру орталығында мультимедиа сыныптары, зертханалар, шығармашылық студиялары, коворкинг аумақтары қарастырылған. Мұнда ерекше қажеттілігі бар балалар да емін-еркін білім алады. Нысан Президенттің 2022 жылы қалаға келген кезінде берген тапсырмасына сәйкес салынып, пайдалануға берілген.
✔️ Бүгінде Оқушылар сарайында 5 мыңға жуық бала алты бағыт бойынша 65 үйірмеге қатысады. Білім беру бағдарламасы жан-жақты дамыған, жаңаша ойлайтын әрі шығармашылық қабілеті зор тұлға қалыптастыруға бағытталған.
✔️ Мемлекет басшысы орталықпен танысып шыққан соң оқушылармен әңгімелесті.
[media=https://www.instagram.com/p/DIUKIaTo3pe/]