26
март
2025
📚✨ Лучшийтерден үйрену – оқытуды жақсартудың тиімді жолы ✨📚

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №23 мектеп-лицейінде 2025 жылдың 26 наурыз күні педагогикалық тәжірибе алмасу мақсатында “Лучшийтерден үйрену – оқытуды жақсартудың тиімді жолы” тақырыбында тәжірибелік семинар өтті.
🔹 Семинар барысында қазақ тілі мен әдебиеті, бастауыш сынып, дефектология, физика, тарих, математика, биология, көркем еңбек, дене шынықтыру , орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері өздерінің шығармашылық ізденістері мен озық тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сыныптар мен коучингтер ұйымдастырды.
🎯 Білім мен тәжірибенің тоғысуы – кәсіби дамудың басты кепілі! Осындай ауқымды шаралар мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдап, оқыту сапасын арттыруға үлкен үлес қосады.
🔹 Ұстаздың үздік тәжірибесі – білімнің биік шыңы!
[media=https://www.instagram.com/p/DHqxRauI78t/]