12
февраль
2025
«Қамқорлық фракциясы» ұйымдастырған «Досболайық» акциясы өтті!

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектебімізде ерекше жылылық пен мейірімге толы «Досболайық» акциясы ұйымдастырылды. Оқушылар мен ұстаздар арасындағы жағымды қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Қамқорлық фракциясы» осы игі шараны өткізді.
Акция барысында оқушылар бір-біріне және мұғалімдерге жүрекжарды тілектер айтып, достық пен сыйластықтың маңызын ұғынды. Іс-шара мейірімділік пен жанашырлықты дәріптеп, мектеп ішінде жылы атмосфера қалыптастырды. [media=https://www.instagram.com/p/DF-hfKgooMB/]