29
январь
2025
Шахмат: Ой мен логиканың шыңдалу алаңы

№23 мектеп-лицейінде шахмат үйірмесі – тек ойын емес, ойлау қабілетін, зейін мен табандылықты дамытатын ерекше орта. Жуырда өткен үйірме жұмыстарының үзінділерінен құралған видеоролик көрермендерге оқушылардың жетістіктері мен қызықты сәттерін ұсынды.
Үйірме жетекшісі Омаров Құрбан оқушыларға шахмат әлемінің қыр-сырын үйретіп, олардың тек спорттық деңгейде емес, интеллектуалдық тұрғыда да өсуіне үлкен үлес қосуда. Жаттығу барысында шәкірттер түрлі стратегияларды меңгеріп, өзара сайысқа түсіп, жеңіске жетуге деген жігерін шыңдауда.
Біздің оқушылар түрлі турнирлерде жетістіктерге жетіп, мектеп мақтанышына айналуда. Шахмат ойыны арқылы балаларымыздың ой-өрісі кеңейіп, өмірде кездесетін күрделі жағдайларды шешу қабілеттері нығайып келеді.
Шахмат – тек тақтадағы ойын емес, ол – табысқа бастайтын жол! Құрбан Омаровқа және біздің талантты оқушыларымызға алдағы уақытта да сәттілік тілейміз![media=https://www.instagram.com/p/DFX_0hLo_TV/]