“Қыз қылығымен сымбатты” – ұлттық тәрбие негізі » «№23 Космодемьянская атындағы мектеп-лицей» КММ
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №23 имени З. Космодемьянской»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Версия для
слабовидящих
» » “Қыз қылығымен сымбатты” – ұлттық тәрбие негізі
24
январь
2025

“Қыз қылығымен сымбатты” – ұлттық тәрбие негізі



Қазақ халқының “Қыз қылығымен сымбатты” деген дана сөзі қыз бала тәрбиесінің ерекше маңыздылығын, оның ішкі және сыртқы сұлулығының үйлесімін анық көрсетеді. Қыздың жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі, әдептілігі мен жан дүниесінің тазалығы – оның шынайы сымбатын айқындайды.

Осы мақсатта мектебімізде психологтар мен практикант мамандардың қатысуымен қыздармен арнайы кездесу ұйымдастырылды. Шара барысында қыз тәрбиесінің маңызы, әдептілік пен ибалықтың құндылығы, мейірімділік пен сабырлылықтың әйел затына тән қасиеттер екендігі талқыланды. Әңгіме-дүкенге қыздар белсене қатысып, көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алды.

Кездесудің негізгі мақсаты:
✔ Қыз балалардың бойында ұлттық құндылықтарды дәріптеу;
✔ Жан және тән сұлулығының үйлесімділігі туралы түсінік беру;
✔ Өзін-өзі құрметтеу, өзгелерге мейірімді болуға үйрету.

Осындай шаралар арқылы жас ұрпақтың санасына ұлттық тәрбиенің маңызын сіңіре отырып, олардың болашақта үлгілі ана, тәрбиелі тұлға болып қалыптасуына үлес қосамыз.

💐 Қыздарымыздың бойындағы сымбат пен сұлулық – олардың тәрбиесінде. Сондықтан әрбір ару қазақ қызына тән қасиеттерді сақтап, өмірде ізгіліктің, әдептіліктің үлгісі болсын деп тілейміз! [media=https://www.instagram.com/p/DFNWSI3IwZ5/?img_index=1]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив