Материалы за Декабрь 2025 года » Страница 2 » «№23 Космодемьянская атындағы мектеп-лицей» КММ
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №23 имени З. Космодемьянской»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 78-17-17
(87252) 56-26-83
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Декабрь 2025 года » Страница 2
Мектебімізде «Жетістігімді еліме арнаймын» атты челлендж ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті.
17
декабрь
2025
Мектебімізде «Жетістігімді еліме арнаймын» атты челлендж
Челлендж барысында оқушылар өздерінің оқу, өнер, спорт және түрлі бағыттағы жетістіктерін ел дамуына қосылған үлес ретінде ұсынды. Шараның басты мақсаты — жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді нығайтып, өз жетістігі арқылы елге қызмет етуге ұмтылысын арттыру. Іс-шара оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығын көрсете отырып, олардың болашаққа деген сенімін нығайтты[media=https://www.instagram.com/p/DSWmoSjiFyF/]
Мектебімізде «Тәуелсіздіктің 35 жылы» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылып, мазмұнды түрде өтті.
17
декабрь
2025
Мектебімізде «Тәуелсіздіктің 35 жылы» тақырыбында сурет байқауы
Байқау барысында оқушылар Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін, ел бірлігі мен бейбіт өмірді өз қиялымен қағаз бетіне түсірді. Әрбір жұмысынан туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі айқын көрінді. Сурет байқауы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және отансүйгіштік рухты қалыптастыруға бағытталды. [media=https://www.instagram.com/p/DSXbmCbCJ_0/?img_index=1]
Мектебімізде 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
16
декабрь
2025
Мектебімізде 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік
Сынып сағаттары барысында оқушыларға Тәуелсіздіктің тарихи маңызы түсіндіріліп, елдік құндылықтар, отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілік туралы тағылымды ойлар айтылды. Танымдық әңгімелер, пікір алмасулар арқылы оқушылардың ел тарихына деген құрметі артты. Мұндай тәрбиелік шаралар жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастыруға бағытталған.[media=https://www.instagram.com/p/DSVHgd8CK7m/?img_index=1]
Мақтанышпен құттықтаймыз!
15
декабрь
2025
Мақтанышпен құттықтаймыз!
Мектебіміздің АӘД мұғалімі Федоров Виктор Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткізілген алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні қызметкерлері арасындағы пневматикалық винтовкамен ату бойынша республикалық турнирде 60+ жас ерекшелігі санатында І орынды иеленді. Бұл жетістік — табандылықтың, жоғары шеберліктің және спортқа деген адалдықтың айқын көрінісі. Жеңісіңіз құтты болсын, алдағы уақытта да биік белестерден көріне беруіңізге
Мектебімізде «Жас қыран» ұйымына қабылдау салтанатты түрде өтті.
13
декабрь
2025
Мектебімізде «Жас қыран» ұйымына қабылдау салтанатты түрде өтті.
Бұл маңызды шараға мектептің белсенді, үлгілі, тәртіпті оқушылары қатысып, өздерінің білімге, еңбекке және Отанға деген сүйіспеншіліктерін танытты. Салтанатты қабылдау барысында оқушылар ант сөзін айтып, «Жас қыран» галстуктарын тақты. Шараның мақсаты — өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастыру, жауапкершілік пен тәртіпке баулу, мектеп өміріне белсене араласуға ынталандыру болды. «Жас қыран» қатарына қабылданған оқушыларымызға алдағы білім жолында биік шыңдар мен сәттілік тілейміз!
Мектебімізде өткен «Choco Day» шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар үшін ерекше көңіл кдомсыйлады.
12
декабрь
2025
Мектебімізде өткен «Choco Day» шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылып,
Бұл күннің басты мақсаты — оқушылар арасындағы достықты нығайту, бір-біріне жылы лебіз бен жағымды эмоция тарту ету болды. Оқушылар өз шоколадтарын достарына анонимді түрде табыстап, мерекелік атмосфера қалыптастырды. Шоколадтардың сыртына оқушының аты-жөні мен сыныбы жазылып, шара соңында барлық шоколадтар өз иелеріне табысталды. Шараны Мектеп Парламенті ұйымдастырды. Көңілді, жылы эмоцияға толы «Choco Day» күнінен оқушылар тамаша әсер алды. 🍫✨ [media=https://www.instagram.com/p/DSKJQNmCHEq/]
📌 Мектебімізде волейбол жарысы өтті
10
декабрь
2025
📌 Мектебімізде волейбол жарысы өтті
Мектептің өзін-өзі басқару ұйымының Спорт және мәдениет фракциясының бастамасымен қызықты әрі тартысты волейбол жарысы ұйымдастырылды. Жарысқа ұлдардан 3 команда, қыздардан 4 команда қатысып, өзара шеберліктерін көрсетіп, белсенді ойын өрнегін көрсетті. 🔹 Ұлдар арасындағы нәтиже: • I орын – 10 «З» сыныбы • II орын – 10 «И» сыныбы 🔹 Қыздар арасындағы нәтиже: • I орын – 10 және 9 сынып оқушыларынан құралған аралас команда • II орын – 7 және 6 сынып оқушыларынан құралған аралас команда • III орын
✨ Ағылшын апталығының әсерлі сәттері ✨
08
декабрь
2025
✨ Ағылшын апталығының әсерлі сәттері ✨
Мектебімізде ағылшын тіліне арналған танымдық әрі шығармашылық шаралар легі өтті. Апталық аясында оқушылардың қызығушылығын арттырып, тілдік дағдыларын дамытатын түрлі байқаулар мен сайыстар ұйымдастырылды. 🔹 Қазына іздеу сайысы – оқушылар логикалық ойлау мен топтық әрекеттесу дағдыларын көрсетті. 🔹 Ағылшынша караоке – еркін сөйлеу мен сахналық мәдениетті шыңдаған көңілді шара. 🔹 Пайдалы етістіктер көрмесі – оқушылар күнделікті қолданылатын лексиканы шығармашылықпен таныстырды. 🔹 Преподаватели
«Shymkent Fan Club» спорттық би байқауының жеңімпаздары анықталды
06
декабрь
2025
«Shymkent Fan Club» спорттық би байқауының жеңімпаздары анықталды
Жастарды белсенді өмір салтына баулу және еріктілік қызметін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Shymkent Fan Club» спорттық би байқауы өз мәресіне жетті. Жоба аясында қаланың 5 ауданынан іріктеу кезеңі өткізіліп, нәтижесінде 21 мектеп финалға жолдама алған болатын. Байқау жастардың шығармашылық қабілетін дамытуға, ұйымшылдық пен көшбасшылық қасиеттерін арттыруға ықпал етіп, еріктілік құндылықтарын дәріптеуде маңызды рөл атқарды. Финалда қатысушылар заманауи әрі серпінді би қойылымдарын
👩‍⚕️ Қыз балалардың жеке гигиенасы туралы түсіндірме жұмыстары
04
декабрь
2025
👩‍⚕️ Қыз балалардың жеке гигиенасы туралы түсіндірме жұмыстары
7-сынып қыздарына арналған арнайы сабақ аясында медицина саласының мамандары қыз балалардың жеке гигиенасы, дұрыс күтім және денсаулық сақтау жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушылар өз денсаулығын сақтау, тазалық ережелерін сақтау және күнделікті өмірде гигиенаны дұрыс ұйымдастыру жөнінде маңызды ақпарат алды. Сабақ барысында сұрақ-жауап сессиясы өткізіліп, қыздар өздерін қызықтырған тақырыптарды нақтылап, мамандардан кеңес алды. Мұндай іс-шаралар оқушылардың денсаулығын