Школа №30
Телефоны приемной:
(8752) 56-31-58
(8752) 56-26-83
Версия для
слабовидящих
» » №23 мектеп – лицейінде жазғы мектеп 26.05.2021 -19.06.2021 аралығында жұмыс атқаруда.
13
июнь
2021

№23 мектеп – лицейінде жазғы мектеп 26.05.2021 -19.06.2021 аралығында жұмыс атқаруда.

№23 мектеп – лицейінде жазғы мектеп 26.05.2021 -19.06.2021 аралығында жұмыс атқаруда. Негізгі мақсаты – осы оқу жылында түрлі шектеу шаралары кезінде түсінбеген тараулары бойынша білімдерін толықтырып, әр негізгі пән бойынша тиісті оқу материалын оқушының білуін қамтамасыз ету. Ата-аналарының өтініші бойынша жазғы мектепке қамтылған оқушылар саны 2800. Жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық кезеңге ұсынылған ғылыми зерттеу жұмыстарын жетілдіру мақсатында дарынды оқушылармен жұмыс іске асырылуда. Сонымен қатар, Робототехника, Жас суретші, каратэ-до, жеңіл атлетика секілді оқушылардың денсаулығын нығайтуға және шығармашылық қабілетін дамытуға септігін тигізетін үйірмелерде карастырылған. Әрбір сабақ алдында оқушыларды шынықтыру үшін мектептің ішкі алаңында флешмобтар, эстафеталар ұйымдастырылған. Оқушыларды рухани дамыту мақсатында сабақ кестелеріне қосымша гуманитарлы пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, оқушылардан құралған арнайы топтар ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде театрлық қойылымдар жүзеге асырылуда. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив