Школа №30
Телефоны приемной:
(8752) 56-31-58
(8752) 56-26-83
Версия для
слабовидящих
» » 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні.
01
июнь
2021

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Халықаралық балалар күні - әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мереке ғана емес, балаларға әлімжеттік, қысым жасаудың алдын алып, олардың құқығын қорғап, қамқор болуға үндейтін мереке.
№ 23 мектеп-лицей көп балалы отбасы сияқты. Әр ұлттың балалары бір үйдің баласындай бір шаңырақтың астында тәрбиеленіп, білім алуда. Бала болашағымыз деп қарайтын ұстаздар қауымының тәрбие процесіндегі рөлі ата-аналардан кем емес.
Негізінен, бала бойындағы қабілеттің аздығы немесе төмендігі баланы өте аз жақсы көруден туындайды. Психологтар ата-аналарға баланы күніне бірнеше рет құшақтап сүюге, оны жақсы көретінін айтуға кеңес береді.Жас бала жас шыбық секілді. Күтімі, баптауы жақсы ағаштың өскенде жемісі мол болатыны секілді жас кезінде көп көңіл бөліп, уақыт бөліп, инвестиция салған баланың болашағынан зор үміт күтуге болады. Ал болашағы жарқын, бақытты бала қандай отбасында тәрбиеленеді?
Бауыржан Момышұлы: «Біздің жерімізде еркек – діңгек, әйел – гүл. Діңгек – жапырақсыз, гүлсіз, қазақша айтқанда «қу бас» деген сөз. Әйел – құнарлы топырақ, онда адамзат дәні өсіп, жетіледі...» -дейді. Әйелінің жақсы болуын қалайтын адам, әуелі өзі сондай жақсы болуы керек. Себебі, Құран Хадистің өзінде : «Сендердің ең жақсыларың әйел балаларыңа жақсы қарағандарың», – деген. Міне осындай ер мен әйелдің іргесі мықты, үйлесімді отбасында балаларына берген шексіз мейірімінің, махаббатының нәтижесінде ғана бақытты балалар өсіп шықпақ. Баланың әрбір қателігі мен шалалығын байыппен түсіндіріп, өмірдің ақ пен қарасын ұғындыра білген ата-ана балаларынан жақсы үміт күтеді.
Мектебімізде білім алып отырған әрбір оқушы ата-ананың, ұстаздардың мейірімімен сусындап, жақсылыққа жаны құмар болып өсуіне тілектеспіз.
Мереке құтты болсын!
[media=https://www.instagram.com/p/CPlSx1LjDBF/] 

Похожие публикации:

01 сентябрь 2018 Мектеп ережесі
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив