Школа №30
Телефоны приемной:
(8752) 56-31-58
(8752) 56-26-83
Версия для
слабовидящих
» » Құрметті ата-аналар, әріптестер, отандастар!
01
май
2021

Құрметті ата-аналар, әріптестер, отандастар!

Құрметті ата-аналар, әріптестер, отандастар!
Сіздерді өз денсаулығыңыздың қауіпсіздігі үшін вакцина салдырып алуға шақырамын! Қауесет сөзге ерудің қажеті жоқ. Біздің ұжымда менен бастап 98% вакцина салдырып алдық. 2 компонентін алып болған соң, антиденеге анализ тапсырған әріптестеріміз 100% ды көрсетті деп қуанып жүр. Вакцина салдыру әр ұстаздың өз еркімен болды. Мен жақында балалы болғым келеді деген ұстаздарымыз салдырудан бас тартты, оларды түсінуге болады, себебі вакцина жүкті және емізулі әйелдерге сыналмаған екен. Дегенмен салдырған ұстаздарымыздың көңі-күйі, денсаулығы, өзін сезінуі Аллаға шүкір, жақсы! Лайым, жақсы болсын!
Барлық вакцинаның мақсаты бір – сол аурудың алдын алу! Елдегі бұл індеттен түгел құтылудың жолы – жаппай вакцина алу. Қалыпты өмірге ертерек келу үшін, вакцина алуды қоғам болып жүзеге асырайық. Израиль мемлекеті жаппай вакцина алудың арқасында маскаларын шешіп, қалыпты өмірлеріне көшкенін теледидардан көріп жатырмыз. Кезінде оспа, полиомелит, туберкулез індеттерін де медицина дәл осы вакцинациялаудың арқасында жеңгенін білеміз. Ендеше індеттен құтылудың жолы вакцина алу екенін дұрыс түсініп, ел болып еңсеріп, бейбіт аман-сау бақытты өмір сүрейік! Бәрі жақсы болсын!
[media=https://www.instagram.com/p/COVZ-3rDUqG/] 

Похожие публикации:

01 сентябрь 2018 Мектеп ережесі
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив