Школа №30
Телефоны приемной:
(8752) 56-31-58
(8752) 56-26-83
Версия для
слабовидящих
» » «Оқырман болу бала кезден» тақырыбында вебинар
03
март
2021

«Оқырман болу бала кезден» тақырыбында вебинар

     
Бүгін 03.03.2021ж. № 23 мектеп-лицейде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Оқырман болу бала кезден» тақырыбында вебинар өткізілді. Тірек мектеп ретінде өткізілген бұл вебинар оқушылардың көркем әдебиетке қызығушылығын ояту мақсатында жұмыс тәжірибесін таратуды көздеді.
Кіріспе сөзді мектеп директоры Тойлыбаева Ж.Д. алды. Ол өз сөзінде 2017 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан жас оқырмандармен жұмыс барысы туралы айтты. Бұл іс-шарада мектеп оқушылары арасынан көркем әдеби шығарманы ең көп оқыған оқушылар анықталып, үздік танылған 100 оқушыға жүлделі орындар және сыйлықтар берілді. Жыл бойына жүргізілген бұл жұмыс оқушылардың көркем әдебиетті оқуына үлкен мотивация болғанын атап кетті.
Бүгінгі вебинерда бастауыш сынып мұғалімі Оразбекова Гүлнұр Рысбекқызы оқушының оқуында туындауы мүмкін кедергілерді жою және олардың оқуға деген ынтасын сақтап қалу, оқу шапшаңдығын арттыруға бағытталған жаттығулар мен әдістерді қолдану арқылы көркем әдебиет оқуға баулу мақсатында өз тәжірибесінде қолданып жүрген «Оқырман болу бала кезден» жобасымен таныстырды. Оқушылардың жасаған буктрейлері көрсетіліп, талдау жасалды. Буктрейлер түсірудің қыр-сыры туралы айтылды.
Сондай-ақ қаңтар айында мектебімізде «Оқырман болу бала кезден» тақырыбында өткен айлық бойынша атқарылған жұмыстар туралы да айтылды. Алдағы уақытқа серіктес мектептермен бірлесе жұмыс жасау үшін жоспар ұсынылып, талқыланды.
Вебинардың соңында қатысқан мұғалімдер падлет тақтасы арқылы кері байланыс жасап, өздерінің ұсыныстары мен тілектерін білдірді.

[media=https://www.instagram.com/p/CL9JhXhDW5D/]

Похожие публикации:

01 сентябрь 2018 Мектеп ережесі
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив