Школа №30
Телефоны приемной:
(8752) 56-31-58
(8752) 56-26-83
Версия для
слабовидящих
» » Білім беру ұйымдарының басшыларының біліктілік санатын көтеру аттестациясынан сәтті өтуімен құттықтаймыз!
16
январь
2021

Білім беру ұйымдарының басшыларының біліктілік санатын көтеру аттестациясынан сәтті өтуімен құттықтаймыз!

Басшымыз Жанар Жорақызын және оның орынбасарларын ҚР Білім және ғылым министрінің 14.05.2020 № 202 бұйрығының негізінде білім беру ұйымдарының басшыларының біліктілік санатын көтеру аттестациясынан сәтті өтуімен құттықтаймыз!
Жанар Жорақызы да, оның орынбасарлары да жауапкершілігі мол, іскер, әділ, жан жақты, білімді, құзіретті маман болғандықтан, мектебіміздің қала мектептері арасында білім сапасы жағынан да, тәрбие деңгейі жағынан да алдыңғы қатарлы мектептердің бірі болуына байланысты бұл сынақты абыроймен еңсере білді.
Мектептің жетістіктеріне, осы күнгі абыройына бүкіл ұстаздар ұжымының да, оқушылар мен ата-аналардың ықыласы мен күнделікті қажырлы еңбегінің де үлесі мол.
Бірлесе жасаған еңбек нәтижесін бермей қоймайды.
Біздер осы ынтымақ-бірлігімізді сақтай отырып, халқымыз бен мектебіміздің құндылықтарын, жақсы дәстүрін сақтап қана қоймай, оларды одан әрі нығайтуға үлес қосамыз деген сенімдеміз.
[media=https://www.instagram.com/p/CKGq06sDgsS/?igshid=1lrmakn9h3091]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив