Школа №30
Телефоны приемной:
(8752) 56-31-58
(8752) 56-26-83
Версия для
слабовидящих
» » Сыннан сүрінбей өту – нағыз кәсіби маманның ісі.
22
декабрь
2020

Сыннан сүрінбей өту – нағыз кәсіби маманның ісі.

          Сыннан сүрінбей өту – нағыз кәсіби маманның ісі.
2020 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының басшылары мен басшыларының орынбасарларын аттестаттаудан өткізу туралы 3-тарауына сәйкес №23 мектеп-лицейінің директоры Тойлыбаева Жанар Жорақызы ұлттық біліктілік тест тапсырды.
Жанар Жораевна – «педагог-шебер» санатындағы мұғалім болса, бұл жолы 1 біліктілік санатты басшы болуға арналған тесттен жақсы нәтижемен өтті. Ұжым үшін бұл – ортақ қуаныш, ортақ мәртебе.
Жанар Жораевнаның бұл жетістігі – күнделікті қажырлы еңбектің, үнемі ізденісте болудың, өз білімін жетілдіріп отырудың нәтижеге жетпей қоймайтынының дәлелі.
Білімді, іскер, құзіретті басшымыздың алдағы уақытта да талай толағай табыстарға жететініне сенеміз. 

[media=https://www.instagram.com/p/CJG0sO8DEUg/]

Похожие публикации:

01 сентябрь 2018 Мектеп ережесі
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив