01
декабрь
2020
Біздің еліміз жыл сайын 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өтеді.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. Ол көптеген жаңа дүниелердің көркеуіне және мемлекетіміздің өркендеуіне, дамыған елдердің қатарына кіруіне себепші болған адам. Біздің Елбасымыздың арқасында Қазақстан гүлденіп және өсіп келе жатыр.
Ол Қазақстан халықтарының Ассамблеясын құру туралы шешім қабылдады. Қазіргі таңда бұл Асамблея ТМД кеңістігінде тек біздің елде бар. Осы бір ғана қадаммен Елбасы ұлттық және ұлтаралық мәселелердің алдын алды. Ассамблея қызметі Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді.
(1998 жылғы сайлау науқанынан үзінді) «Мен Қазақстан халқына барлығының бейбіт өмір сүре алатындай етіп, еліміздің тәуелсіздігін нығайту, достықты, ұлтаралық келісімді одан әрі нығайту үшін бәрін жасайтыныма кепілдік беремін».
Тұңғыш Президент күні халықтың Елбасына деген сый-құрметі мен сенімін білдіреді.
[media=https://www.instagram.com/p/CIPbJaGDpLy/]