25
ноябрь
2020
Бүгін 25.11.2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Елбасының төрағалығымен "Nur Otan" партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті.

Бүгін 25.11.2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Елбасының төрағалығымен "Nur Otan" партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті. Еліміздің барлық өңірлерінен қатысқан делегаттардың қатарында болдым. Съезде партия әзірлеген 2025 жылға дейінгі "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" атты сайлауалды тұғырнамасы таныстырылып өтті. Құжатта азаматтардың әл-ауқатын арттыру бойынша барынша ойластырылған шаралар қамтылған. Елбасы басшылығымен өткен жылдардағы Қазақстанның басты он жетістігіне тоқталып өтті. Біздің басты міндетіміз - әрбір қазақстандықтың өз әлеуетін іске асыруына теңдей мүмкіндік жасау. Осы мүмкіндіктерді пайдалану - азаматтардың өз таңдауы мен жауапкершілігіне байланысты. Отбасы - партиямыздың басты құндылықтарының бірі. Отбасын қолдау және нығайту - еліміздің табысты дамуының кепілі. Ұрпақтар сабақтастығы үлкенге құрмет, кішіге ізет, балаларға қамқорлық, өзара қолдау жасау дәстүрі, еңбексүйгіштік пен білімге құштарлық секілді құндылықтар отбасында қалыптасады. Біз мектептің де, ата-аналардың да балалар тәрбиесі үшін жауапкершілігін күшейтуге серпін беретін мектеп пен ата-аналардың өзара іс-қимылының жаңа форматына өтеміз. "Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс қимыл туралы" Заң қабылданып, отбасылық соттар құрылатындығы айтылды. Халқымызда «Отан – отбасынан басталады» демекші әрбір отбасының табыстылығы еліміздің өркендеуінің кепілі. Мен де алты ұл-қыздың анасы ретінде мемлекетіміздегі саяси тұрақтылықтың – әрбір отбасы үшін баға жетпес құндылық екенін айтқым келеді. Жан-жақты жақсарту жолымен "Nur Otan" партиясы елімізді 30 дамыған елдің қатарына қосатынына сенімім мол.
[media=https://www.instagram.com/p/CIA6B0djbKn/]