Школа №30
Телефоны приемной:
(8752) 56-31-58
(8752) 56-26-83
Версия для
слабовидящих
07
сентябрь
2020

Мемлекеттік тіл - менің мерейім!

Мемлекеттік тіл - менің мерейім!
      Адамдар үшін өмірдегі ең бағалы құндылықтардың бірі — ана тілі. Ана сүтімен дарыған тілдің қасиетін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Қазақ тілінде сөйлейтін адамдарының саны жағынан әлемдік тілдер арасында 70-ші, тіл байлығынан үшінші орында. Сену қиын десек те, деректер осылай. Ең бай тіл саналатын араб тілінде 12 миллион 300 мың сөз болса, бұл көрсеткіш ағылшын тілінде 750 мың, қазақ тілінде 600 мың, ал испан тілінде 300 мың, орыс тілінде 150 мың екен. Ал қытайлар болса 87019 иероглифті қолданады. Демек, қазақ тілі әлемдегі ең бай тілдердің төрінен орын алады.
Қазіргі таңда елімізде қазақ тілі мен орыс тілі қатар қолданылып келеді. Еліміздегі ірі қалаларда орыс тілінің басымдылығы бар екені жасырын емес. Оңтүстік өңірлер тілдің мәйегін бұзбай қазақылығын сақтап отыр. Ал солтүстік өңірлерде бұл көрсеткіш өте төмен. Біз бұл көрсеткішті көтеру үшін әрқайсымыз ана тілімізде сөйлеп, ана тілінде қарым-қатынас жасауымыз керек. БАҚ құралдары мен қоғамдық орындардағы іс-шаралар қазақ тілінде өтер болса, тілімізге сұраныс артар еді. Қазір өзге ұлт өкілі түгіл, қазақтардың өзі ана тілін керексіз етіп отырғаны жасырын емес. Бұған Мұхтар Шаханов ағамыз «мәңгүрттік» деп сипаттама берген еді. Қазіргі таңда тілімізді шұбарлап, қорлайтын, өз тілі тұрғанда ұялмай басқа тілде сөйлегенді мақтаныш көретін үлкендер де, жастар да жетіп жатыр. Оған өз басым күнде куә болып жүрмін. Жастардың орыс тіліндегі сөздерді жиі пайдалануы шынымен, адамды ашындырады. Тәуелсіздік алғалы осындай мәселелер жиі көтеріледі. Ондағы мақсат – ұлттық тілдің қадірін қайтару.
Қорытындылай келе тұңғыш елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Бұл мәселені даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн. Мен әлемдегі ең бай, ең сұлу тілдердің бірі – қазақ тілінің құдіретіне әрдайым сенемін. Тіліміз - бірлігіміздің тірегі, халқымыздың ұлттық байлығы.

№23 мектеп-лицейінің 11 «Ж» сынып оқушысы Сұлтанбекұлы Байғали.
[media=https://www.instagram.com/p/CE1e5aJDBOO/?igshid=qco1qs017ppu]

Похожие публикации:

01 сентябрь 2018 Мектеп ережесі
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив