Школа №30
Телефоны приемной:
(8752) 56-31-58
(8752) 56-26-83
Версия для
слабовидящих
» » Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевты мерейтойымен құттықтап, ұзақ ғұмыр тілеймін
06
июль
2020

Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевты мерейтойымен құттықтап, ұзақ ғұмыр тілеймін

     
      Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевты мерейтойымен құттықтап, ұзақ ғұмыр тілеймін. Тәуелсіздік алғалы бері ел болып іргемізді түзеп, әлемдегі ең дамыған елдердің көшбасшыларымен терезесі тең елдей қатарласа жүріп, жақсыға ұмтылып, амбициялық ұлы мақсаттар қойып, "Қазақстан-2050" стратегиялық бағдарламаны қабылдап, 50 дамыған елдердің қатарына ендік. Мемлекеттік шекарамыз 100% толық барлық шекаралас Қытай, Ресей, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан елдерімен ешбір текетірессіз, елбасымыздың саяси беделінің арқасында бейбіт түрде бекітілді. Елбасымызға елге сіңірген еңселі еңбектері үшін алғыс білдіреміз. Жеке өз басым Қазақстан халықтарының форумында 1992 жылы Алматы қаласындағы Республика сарайында бетпе-бет жүздесіп, Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің белсенді студенті ретінде әңгімелесу сәтінде жанарындағы ерекше нұрды байқап, іштей елімізді басқаруда сәттілік тілегенмін. "Бағалағанға бақ қонады" дейді дана халқымыз. Шүкір ете біліп, барымызды бағалап, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бір ту "Nur Otan" партиясының туының астында бірігіп, бірлігіміз жарасып, біртұтас мықты ел болайық ағайын!"Болашақ" бастауыш партия
ұйымының төрайымы,
№23 мектеп-лицейінің директоры
Тойлыбаева Жанар Жорақызы.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив