Школа №30
Телефоны приемной:
(8752) 56-31-58
(8752) 56-26-83
Версия для
слабовидящих
» » Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік Рәміздер күні
04
июнь
2020

Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік Рәміздер күні

     4 маусым – Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік Рәміздер күні. 2007 жылы 4 маусымда Мемлекеттік Рәміздер туралы Заң қабылданды. Содан бері 4 маусым «Мемлекеттік Рәміздер» күні мерекесі болып аталып келеді. Мемлекеттік рәміздерге – Ту, Елтаңба, Әнұран жатады. Еліміздің егемендігін, тәуелсіздігін бейнелейтін рәміздер - біздің бойымызға мақтаныш сезімін ұялатады. Балалардың, жастардың бойында патриотизмді қалыптастыруда мемлекеттік рәміздерге ерекше құрмет көрсете білудің маңызы орасан зор. Аспан түстес көк туымыз таза ниеттің, адалдықтың, бейбіт өмірдің бейнесі қыран құс – еркіндік, алтын күн – өміршеңдіктің символы болса, ұлттық өрнек қазақ елінің туы екенін білдіріп тұрғандай. Елтаңбада бейнеленген шаңырақ, одан күн сәулесіндей тараған уықтар, қазақ елінің болмысын танытып, бидай-байлықты негіздеп, қанатты пырақтар – мәңгі биікке ұмтылып, көркейіп дамудың символындай. Жарқыраған бес жұлдыз Қазақстан деген елдің жұлдызы биіктен көрінетінін білдіреді.
Әнұранымыз бүкіл халықтың сүйікті әніне негізделген, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев сөзін өңдеген мемлекетіміздің бас әні – барлық азаматтарымызды рухтандыратын , жігерлендіретін күшке ие.
Ел боламын десең бесігіңді түзе дегендей, бала-бақшадан бастап мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету , оны жатқа білу және айту, менің Туым, менің Әнұраным, Елтаңбам деп мақтанышпен дәріптеу қасиетін қалыптастыруымыз қажет. Мен мектепте өз оқушыларыммен бірге күнде таңертең қазақ тілі сабағында шырқағанда барлық оқушылардың оң қолдарын көкірек тұстарына қойып шырқай жөнелгенде еліміздің болашағы жарқын екеніне сенімім ұлғаяды. Көкірегімді қуаныш кернейді. Мыңдаған халықтар мен жүздеген мемлекеттердің арасында біздің ерекшелігімізді, егемендігімізді білдіріп, дербестігімізді айқындап тұратын – Тәуелсіз еліміздің бас рәміздеріне деген құрмет әрбір азамат тарапынан жоғары деңгейде болуы керек деп ойлаймын. Қазақстанымыз дамып, елтаңбамыз жарқырап, әнұранымыз мәңгі шырқалып көктуымыз биікте желбірей берсін!


     4 июня 2007 года был принят Закон «О государственных символах». С тех пор 4 июня отмечается как День государственных символов. Государственные символы включают флаг, герб и гимн. Символы суверенитета и независимости нашей страны дают нам чувство гордости. Способность уделять особое внимание государственным символам имеет большое значение в формировании патриотизма у детей и подростков. Голубой цвет флага символизирует честность, мир и чистые намерения нашего народа. Орел является символом независимости. Солнце является источником жизни, богатсва и изобилия. Герб – один из главных символов государства. В основе герба Республики Казахстан лежит шанырак, который является символом очага, целостности мира. Крылатые тулпары символизируют полет, мечту, молодое поколение, с которым всегда связаны надежды Казахстана. Пятиконечная звезда, которая венчает герб, является путеводный звездой нашей страны, устремленной в будущее. Наш гимн основан на любимой песне всей нации. Это главная песня нашего государства, отредактированная Первым президентом Н.А.Назарбаевым, способна вдохновить всех граждан страны. Если мы хотим быть сильной независимой страной, нам нужно научиться уважать государственные символы. Начиная с детского сада, запоминать, повторять, с гордостью прославлять флаг, герб, гимн своей страны. Когда я каждое утро пою гимн со своими учениками на уроке казахского языка, я убеждена, что будущее нашей страны светлое, потому что ученики исполняют его от души, прикладывая правую руку к сердцу. Я считаю, что уважение к государственным символам нашей страны, которая определяет нашу самобытность, суверенитет и независимость среди тысяч народов и сотен государств, должно быть на высоком уровне у каждого гражданина. Пусть развивается наш Казахстан, пусть сияет наш герб, пусть звучит наш гимн, пусть высоко в небе реет наш флаг!

Похожие публикации:

01 сентябрь 2018 Мектеп ережесі
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив