Школа №30
Телефоны приемной:
(8752) 56-31-58
(8752) 56-26-83
Версия для
слабовидящих
03
июнь
2020

Бала – адамның бауыр еті

      1 маусым – Балаларды қорғау күні мерекесіне орай келген бала тәрбиесі туралы ой оралымдары. Қажетіңізге жаратарсыз деп, ой бөліскенді жөн көрдім. Бала – адамның бауыр еті. Өмірімнің мәні, нәрі балам деп, бар өмірінің қызығын баламен байланыстыратын, миссиямыз – ұрпақ қалдыру болып табылатын Адамбыз. Болашақ бастауы – балалар саналы, тәрбиелі болу үшін, аянбай еңбек етіп, өміріңмен өнеге болу керексің. Бала – адам өмірінің жалғасы десек, оның тәрбиелілігі – қартайған шағыңда бақытқа бөленуіңнің кепілі. «Не ексең, соны орасың» дегендей әр адам бала тәрбиесіне қаншалықты көңіл бөлсе, қарттығына салынған инвестициясы соншалықты болмақ. Бала кезінде әке мен ана мейіріміне қанбаған, олардың махаббатын сезінбеген бала өмірге өкпелі, қатыгез, ашушаң, пессимист болып өседі. Ал күн сайын айналып-толғанып, мақтауға бөленіп, қолдау көріп өсірген бала жайдары, өмірге риза, оптимист болып өседі. Оптимист дегеніміз – еш қиындыққа мойымайтын, құласа, қайта түрегеле білетін күрескер жан. Бәрі де жақсы болады деп, жақсылықтан үміт ететін, бәсекеге қабілетті жан. Демек, бала тәрбиесінде мақтаудың мәні орасан зор. Ес біліп, көз тоқтата бастағаннан мақтау сөз естіп өскен бала тұлға болып қалыптасады. Бірақ осы мақтаудың да орнымен болғаны жөн. Тәнімізді қоректендіретін ас - арқау. Ал жанымызды жандандыратын – жылы сөз, мақтау сөз – жанның қорегі. Иманымыздың байлығын Құранмен толықтырсақ, кітап оқып рухымызды, санамызды жоғарылатамыз.
Ал енді мақтау сөз қаншалықты жиі айтылу керек? Психологтардың кеңесі бойынша күніне баланы 14 рет құшақтап, бетінен сүйіп қолдап отыру керек. Сонда бала жан азығын толыққанды алады екен. Орайы келсе, "алтыным"," күнім", "жаным"," айналайын", "балапаным"," қуатым", "батырым"," нарым", "сұлуым"," ханшайымым", "ақылдым"," жарығым", "жұлдызым" деп тағы басқа қиялыңыздың ұшқыры жеткен мақтау сөздермен мақтап, мерейін өсіріп отырыңыз. Дегенмен, бейберекет жеген тағам да семіздікке душар ететіндей, орынсыз айтылған мақтау да өркөкіректікке, менмендікке, мақтаншақтыққа апаруы мүмкін. Сондықтан бұл мәселеде де өте мұқият болып жағдаятқа қарап, әділ бағалап отыру керек. Бүлдіріп қойған дұрыс емес әрекеті үшін бас салып ұрыспай, жай сөзбен жеткізуге тырысу керек. Бәрінен де қалай тәрбиелеймін деген сұрақтың жауабын түгелге дерлік білеміз, бірақ мән беріп орындауда кенжелейміз. Ең бастысы, ашуға бой алдырмай, бөтен адамның алдында жуас кісінің рөліне еніп, мүләйім болып биязылық танытамыз да, өз балаларымызбен қарым-қатынаста келгенде еркіндік танытып, айғайлап ұрсып, кейде қол да жұмсап жіберіп артық кетеміз. Осы тұста өте абай болатын бір жәйт – сөз тазалығы. Ашумен айтқан бір жаман сөз балаңыздың өміріне зиянын тигізуі мүмкін. Сондықтан Сіз балаңыздың дұшпаны емес, жанашырысыз ғой, жаман сөзден аулақ болыңыз! Қайта рухын көтеретін сөздерді жиі айтыңыз! "Мен сенен үлкен үміт күтемін!", " Мен саған сенемін!"-деп қолдап отырыңыз.
Сонда сөзсіз сеніміңіз ақталып, нәтижесін көресіз. Балаларыңыз бақытты, отбасымыз берік, Еліміз қуатты болсын!

Похожие публикации:

01 сентябрь 2018 Мектеп ережесі
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив