Школа №30
Телефоны приемной:
(8752) 56-31-58
(8752) 56-26-83
Версия для
слабовидящих
01
июнь
2020

Онлайн жиналысы



Құрметті ата-аналар!

        Сіздерді, ұл-қыздарыңызды ерекше оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын. Барлықтарыңызға зор денсаулық пен сәттілік тілеймін. Бұл сынақ біздердің, педагогтар мен ата-аналардың, ел болашағы саналатын балаларымыздың тәрбиесі мен білім алуы жолында қаншалықты бірлесіп жұмыс істей алатынды ғымызды көрсетті. 

         Оқу жылы аяқталды, біз Сіздермен онлайн форматта есеп беру жиналысын өткізіп отырмыз. Бұл оқу жылында төртінші тоқсан ерекше форматта - қашықтықтан оқыту режимінде жүзеге асты. Ата-аналарға, қашықтықтан оқыту кезінде мұғалімдерге қолдау көрсеткендеріңіз және жауапкершіліктеріңіз үшін алғыс айтқым келеді. 

2019-2020 оқу жылында №23 мектеп-лицейінің 142 сыныбында  4658 оқушы бітірді.

11-сыныптың 166 бітірушісінің 8-і «Алтын белгі», 5-еуі ерекше үлгідегі аттестат иегерлері. Ал 9-сыныпты 11 оқушы ерекше үлгідегі аттестатпен аяқтады. 

Білім сапасы – 60 %, үлгерім –100%.

«Study Inn» оқу-орталығы ұйымдастырған  «Киплинг» халықаралық олимпиадасына біздің мектептен жыл сайын оқушылар қатысады. Биылғы оқу жылында 7 оқушы жүлделі орындар алды. 2020 жыл Санк-Петербургте өткен Халықаралық «Сахаров оқулары» конференциясында 10-сынып оқушылары Канбатырова Жанерке мен Абдихалилова Гулбахорға жас қатысушылар дипломы берілді. 

Республикалық пән олимпиадасының қалалық турында 39 қатысушының 37-сі жүлделі орындар иеленді. 37 жүлдегердің 5-еуі І орын, 18-і ІІ орын, 10-ы ІІІ орын, 1-еуі мақтау қағазын иеленді. Олимпиаданың республикалық турына мектебіміздің 3 оқушысы қатысады. 

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша 11-сынып оқушылары арасында өткен Президенттік олимпиадаға мектебіміздің оқушысы Тухватулина Эмилия қатысып, 4-орын иеленді, «Мектеп сайтының ақпараттық қауіпсіздігі» тақырыбында 11б сынып оқушылары - Байдусен Мирас және Дмитрий Васенков ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды, STEM бойынша қалалық семинарда 8-сынып оқушылары Назаров Руслан, Сәкенов Мақсат, Пушкарский Михаил, Назаров Милан «Виртуалды мектеп» тақырыбында үздік жұмыстар көрсетіп, қалалық Білім басқармасының әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды, Түркістан облысы Роботехника федерациясының ұйымдастыруымен өткен «Менің қиялымдағы робот» байқауынан 10 ә сынып оқушысы Садық Әділбек бас жүлдені жеңіп алды.

Республикалық «Юниор» олимпиадасынан жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша 8-сынып оқушысы Ан Давид 1-орын, Иман Ернұр 3-орын иеленді. 

         Қалалық ғылыми жобалар байқауынан 11-сынып оқушысы Тухватуллина Эмилия мен Барабанова Наталья 1-орын алды. 

         ОҚМУ ұйымдастырған Менделеев атындағы қалалық олимпиададан 9-сынып оқушысы Сапишева Сабиля Құрмет грамотасымен марапатталды. 

Түрлі пәндік онлайн-байқаулар мен олимпиадалардан 1337 оқушы жеңімпаз атанды. 

Қашықтықтан оқыту кезеңінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  08.04.2020 жылғы №135 бұйрығына сәйкес педагогтарға 4-тоқсанды қашықтықтан оқытуға және оны ұйымдастыруға барлық жағдайлар жасалды.  Пандемия кезеңінде қашықтықтан оқыту технологиясына көшу барысында оқушылардың білім сапасын қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қарастырылды. 

Мұғалімдерге көмек ретінде бейнесабақтар ұсынылды. Барлық білім беру үдерісі нақты жұмыс кестесі бойынша жүзеге асырылды. Педагог сабақ жоспарының негізінде оқушыларға оқулықтан өз бетінше материалды меңгертетін тапсырмалар берілді, сондай-ақ цифрлық білім беру ресурстарын қолдана отырып, интернет-платформаларында берілген сабақтарды ұсынды.

Ұсынылған  интернет-платформалар:

· BilimLand;

· Kundelik.kz;

· Daryn.online

Қолданылған цифрлық білім беру ресурстары:

· Mektep.OnLine;

· QaradomalakStudio;

· Оpiq.kz

· Microsoft TEAMS

· GoogleClassRoom.

Кері байланыс төмендегіше берілді:

· электронды журнал, интернет-платформа арқылы;

· электрондыпошта;

· WhatsAppTelegramмесcенджелері арқылы, т.б.

         Қазақ сыныптарындағы барлық мұғалімдер мен оқушылар 100%«Дарын-онлайн» платформасына тіркелді. Онда мұғалімдер жұмыс істесе, оқушылар білім алды. Екі оқушы ұпай сандарына байланысты 50 үздік оқушылардың құрамына, ал екеуі 100 үздік мұғалімдердің құрамына енді. Орыс сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдер «Білімлэнд» платформасында қашықтықтан оқыту ресурстарын қолдана отырып, белсенділік танытты, ал оқушылар түрлі пәндер мен тақырыптар бойынша тапсырмаларды қызыға орындады. 

         Оқушылар үшін оқыту үдерісінің оңайлатылған түрі қарастырылды: тапсырмалардың көлемі азайтылды, жазба жұмыстарын орындауға берілген уақытқа шектеу қойылмады, балалар жұмыстарын жіберуге тиіс міндетті пәндер белгіленді. Жоғарыда берілген Бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес БЖБ, ТЖБ жұмыстарының кестесі жасалды. 

         Мектепте тек Kundelik.kz. бағдарламасы қамтамасыз ететін электронды түрдегі журнал ғана жүргізіледі. Бағалау шынайы жүргізіледі, бағдарлама баға түзетуге мүмкіндік бермейді. 

         Мектепте 275 мұғалім жұмыс жасайды, олардың 4-еуі «Педагог-шебер»,  104-і «Педагог-зерттеуші», 43-і  «Педагог-сарапшы», 40-ы «Педагог-модератор» біліктілік санаттарын иеленген. 

Мұғалімдер үшін бұл оқу жылында пән бойынша үш семинар, сондай-ақ үш коучинг-сабақ (әр әдістемелік бірлестік үшін бөлек), 2 вебинар, 1 онлайн-конференция өткізілді. Көптеген мұғалімдер өз білімдері мен шеберліктерін кәсіби олимпиадаларда, онлайн-байқаулар мен қашықтық олимпиадаларда танытты: 

  • Мұғалімдердің қалалық олимпиадасында Черепивская Н.М. - 1 орын, Деревянова О.А.- 1 орын, Кабашева К.Б. -1 орын, Жузжасарова К.А. - 2 орын, Нурходжаева Л.К. – 2 орын, Колтунова Е.С. – 2 орын, Шалдарбекова М.Б.  – 2 орын, Бесеубай К.Қ. – 2 орын, Туякпаева М.Г. – 2 орын.
  • «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы мұғалімдер Ахмет Ж., Куралбаева Б., Сагымбаева А., Фархадинова Т-ныңсабақтарынүздікбейнесабақтар деп атап өтті. 
  • Информатика пәнінің 3 мұғаліміАнарбаева Г., Фархадинова Т., Туякпаева М. жергілікті «Отырар» телеканалына бейнесабақтар түсіруге шақыртылды.

Жаңа оқу жылында эксплуатацияға 300 орындық – 12 сынып кабинеті, спортзал, шеберханасы бар жаңа корпус пайдалануға беріледі. 3 ауысымдық оқыту мәселесі оң шешімін тауып, екі ауысымда оқитын боламыз. №20 мектептің ғимаратында уақытша оқыған 9 сынып  өз мектебімізге оралады. 

Осы жылы 2 ауысымға көшуге байланысты және оқушы санын қысқарту мақсатында оқушыларды жекеменшік мектептерге үгіттеу белсенді түрде жүргізілді. Нәтижесінде 75 оқушы жекеменшік мектептерге ауысты. 

2018  жылдан бері 1-сыныпқа оқушылар Шымкент қаласы әкімшілігі жанынан құрылған «фронт-офис» арқылы электронды түрде қабылданып жүр. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 12 қазанындағы № 564 бұйрығының 1 бөлімінің негізінде бекітілген мектепке қабылдаудың типтік ережелерінің негізінде білім мекемесі территориясында тұратын барлық балаларды мектепке дайындық деңгейіне қарамастан қабылдау ұсынылады. 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес үш ауысымдық мектептердің алдын алу мақсатында биыл педагогикалық, кәсіподақ және қамқоршылық кеңестердің шешімімен мектептің техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, 6 бірінші сынып ашуды жоспарлап отырмыз:  қазақ тілінде оқытылатын 3 сынып, орыс тілінде оқытылатын 3 сынып.Бұл мәселеде бізді ата-аналар қолдайды деп сенеміз.

2019-2020 оқу жылында мектепте 53 лицей сыныбы ашылды. Лицейге іріктеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің № 375 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Лицей сабақтарына қабылдау емтихандары ашық түрде өткізіледі, мұнда ата-аналар балалардың конкурстық іріктеу процесін бақылай алады.

Балаларды кәсіптік бағдарлауға дұрыс бағыт беру - мектеп директорының маңызды міндеттерінің бірі. Осыған орай, кәсіби бағдар беру жұмыстары жыл бойына жүзеге асырылады, бұл әр оқушыға болашақ мамандықты сәтті таңдауға мүмкіндік береді: сынып сағаттары ұйымдастырылады, бизнес әлемінде, экономика, мәдениет саласында жетістікке жеткен адамдармен кездесулер, ата-аналар үшін ашық есік күндері өткізіледі.Ата-аналар мен балалар психологтардың кеңесін алады және балаларымен бірге бейіндік сыныпты бірлесіп таңдайды. Біздің мектеп, лицей болғандықтан, техникалық мамандықтарға, нақты ғылымға, математика және STEM-ге ерекше көңіл бөлінеді.

Мектептегі барлық оқушылар жобалық жұмыстармен айналысады. Жыл соңында үздік жобаларды іріктеу жүргізіледі. Бұл жұмыстардың нәтижесі төмендегідей: 11-сынып оқушылары Василенко Дмитрий менБайдүйсен Мирас 1-орын, 11-сынып оқушысы Төлеген Аяжан, 5 –сынып оқушысы Мельницкая  Ксения 2-орын, 6-сынып оқушысы Каримова Амина, 4-сынып оқушылары Ким Анель мен Ким Роман 3-орын иеленді.

      Тәрбие жұмысы ата-аналармен бірлесіп сәтті жүзеге асырылуда. Мектепте 26 үйірме жұмыс істейді. Оған 485 бала қатысады. 3242 бала қосымша білім беру ұйымдарына, яғни қаладағы өнер, спорт және би студияларына қатысады. Сынып жетекшілерімен тығыз байланыста болатын және оларға қолдау көрсететін ата-аналар әрқашан бала тәрбиесінде сәтті нәтижелерге жетеді, өйткені тәрбие жұмысының негізгі бөлігі сынып жетекшілеріне жүктелген. Мектеп әкімшілігі мұғалімдердің, оқушылардың және ата-аналардың үштік одағын қалыптастыруда жетекші орын алады. Жыл бойы мектеп қабырғасында көптеген тәрбиелік шаралар өткізілді.Олардың ішінде ең  маңыздылары: қыркүйекте «Құқықбұзушылықсыз балалық шақ» айлығы, қазан айында лицей оқушылары мен мұғалімдерінің қатысуымен дәстүрлі түрде өткізілетін лицей күнін атап өту, 8-сынып оқушыларының арасында «Алтын күз» байқауы, қараша айында 1-11 сынып оқушылары қатысқан «Адамға қуаныш сыйла» акциясы, 9-сынып оқушылары арасында «Жігіттер сұлтаны» байқауы, желтоқсан айында «Менің елім - Қазақстан» патриоттық әндер байқауы, «Жас Ұлан» республикалық жастар ұйымының қатарына 5-сынып оқушыларын қабылдау, қаңтар айында «Біз есірткіге қарсымыз» тақырыбында Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау Департаментімен бірлескен акциясы, ақпан айында 1-4, 5-7 сынып оқушылары арасында шахмат турнирі, наурызда Алғыс айту күніне байланысты концерт және Масленница мерекесі өткізілді.

Сәуір айында барлық білім беру процесі қашықтық форматта өтті: барлық сыныптар қатысқан «Біз біргеміз» акциясы, «Менің Отаным - Қазақстан» өлеңдер байқауы, «Менің сүйікті қалам» қолөнер бұйымдары мен суреттер байқауы, «Менің жақсы көретін ертегім» викторинасы, бастауыш сынып оқушылары арасында «Шымкент тарихы» викторинасы, «Абай және Әль-Фараби өлеңдері» бейнебайқауы, 5-9 сыныптар арасында «Көне қала - Шымкент» эссе байқауы, мамыр айында, Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған сынып сағаттары, «Менің отбасымның тарихындағы Ұлы Отан соғысы» тақырыбында челлендж ұйымдастырылды, осы челлендж нәтижесі бойынша  «Нұр Отан» партиясы мектебімізді ең үздік мектептер қатарында ретінде атап өтті.

Мектебіміздегі тәрбие жұмысының нәтижелері бойынша халықаралық, республикалық және қалалық деңгейдегі келесі жетістіктерді атап өтуге болады: спортта - 59. Оның ішінде дзюдо - 2, шахмат - 6, гимнастика - 19, күрес - 3, футбол - 5, каратэ - 2, бокс - 1, эстетикалық цикл - 34. Оның ішінде халықаралық байқау бойынша домбырамен халық әнін орындауда 6 сынып оқушысы Әділет Әкімқұлов гран приге ие болды. Республикалық вокалистер байқауында 6 сынып оқушысы Сайлау Дина бас жүлдені иеленді.

 Сәуір айында қашықтық форматта вокалдық топтардың республикалық конкурсы өтті. Мектебіміздің "Көркем" тобы бірінші орынға ие болды.

 Қалалық вокалистер байқауында 6 сынып оқушысы Тұрлыбек Уәлихан және 5 сынып оқушысы Сырлыбай Мұхаммедали бірінші орынға ие болды. Вокалисттер жұмысын "Педагог-шебер" санаты бойынша жоғары санатты мұғалім К. К. Сейілбекова жетекшілік етеді.

2019-2020 оқу жылында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде мектепте құқық бұзушылықтар орын алған жоқ. Аудандық полиция бөлімінде есепте бірде-бір оқушы тіркелмеген. Біздің мектепте балалар жоғары білім алуға ұмтылғанмен, кейбір оқушылар мектептің профилактикалық есебінде тіркелген. Сынып жетекшісінен шағымдар түскен кезде немесе мектептің ішкі тәртіп ережелерін өрескел бұзған жағдайда балалардың мінез-құлқы мектептің тәртіптік кеңесінде қаралып мектепішілік есепке алынады. Осы балалармен профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Нәтиежесінде оқушы сынып жетекшісінің өтініші негізінде тіркеуден шығарылады.

2019-2020 оқу жылына бөлінген қаржы туралы төмендегідей мәлімет береміз:

А) 1 500 000 тг  - мектеп ғимаратын ағымдағы жөндеуге;

Б) 300 000 тг – жылыту жүйесін жөндеу үшін;

В)450 000 тг - канцеляриялық тауарлар үшін;

Г)180 000 тг – шаруашылықтауарларыүшін бөлінген.

Жалпы білім беру қорынан 140 оқушыға тегін тамақтану түрінде көмек көрсетілді. Мектептегі логопед және дефектологтар  45 оқушыға қосымша көмек көрсетті. Қашықтан оқытудың тиімділігі мен өнімділігі көбінесе бұл процесті бақылап отыратын мектеп әкімшілігінің дұрыс басқаруына байланысты болды.

2019-2020 оқу жылында жүргізілген Білім саласындағы сапаны бақылау Департаменті жүргізген профилактикалық бақылауы мектеп ұжымының нәтижелі жұмысына жақсы баға берді. Ата-аналар комитетіне және қамқоршылар кеңесіне тиімді жұмысы үшін алғыс айтамыз және сіздердің әрқашан қолдауыңызды күтеміз. Балаларға жауапкершілігі, түсіністігі, шыдамдылығы және қабілеті үшін РАХМЕТ айту керек. Мен, әсіресе, кез-келген қиындыққа қарамай, өз жұмыстарын жасаған мұғалімдер қауымына  алғысымды білдіргім келеді.

        Алдағы жазғы демалысты сәтті өткізіп, балаларыңызды жиі құшақтап, сүйіп, айналып-толғанып, махаббаттарыңызға бөлей беріңіздер. Ата-ана махаббаты балаға рух береді. Бала тәрбиесіндегі еңбектеріңіз жемісті болсын. Мектебіміз бен еліміз көркейе берсін!
















































Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Eugenebroms
2 июля 2020 15:50
кабель кг хл 3х2.5 ----- Даже добавить нечего ----- займы ----- Мнгновенные займы ----- Париматч сделать ставку ----- Ставь на победителя! ----- смотреть турецкие сериалы на русском языке