Школа №30
Телефоны приемной:
(8752) 56-31-58
(8752) 56-26-83
Версия для
слабовидящих
29
май
2020

Соңғы қоңырау


Құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар, 25 мамыр «Соңғы қоңырау» мерекесі құтты болсын! 2019-2020 оқу жылы аяқталып, барлықтарыңыз өмірдің бір белесіне жоғарыладыңыздар. Биылғы оқу жылын елге келген індетті бірлесіп жеңу жолындағы ерекшe жағдайда IV тоқсанымызды қашықтықтан оқумен өткіздік. Ақпараттық құзіреттіліктеріңізді шыңдап игіліктеріңізге жарата білдіңіздер. Ең бастысы, алған білімдеріңіз өздеріңіз үшін баға жетпес байлық екенін білгендеріңіз абзал. Білімдеріңіз шыңдала берсін! Сол білімді алуда жанашыр болып жандарыңыздан табылған ата-аналарыңызға мың алғыс айтамыз! Себебі болашаққа ең үлкен инвестиция – балаға бүгін берілген білім екенін ұғатын ата-ана – біздің ұстаздар қауымының тірегі болып табылады.
Биылғы 166 мектеп бітіруші түлектерімізге ақ жол тілейміз! Ұлттық Бірыңғай Тестілеуді сәтті тапсырып, қалаған мамандықтарының грантын жеңіп ала берсін. Ата-аналарының, ұстаздарыңыздың үмітін ақтаңыздар. Ұлы Отанымыз Қазақстан Республикасының игілігі үшін қызмет ететін азаматтар болыңыздар! Біз сіздерді жақсы көреміз! Өмірде сәттілік тілейміз. Ал біздің Шымкент қаласы №23 мектеп-лицейінің түлектеріне қайда жүрсе де, биік ұстанымы мен сапалы білімдерін ел игілігіне жұмсайды деген сеніміміз мол! Үлкен өмірде сәттілік тілейміз! Ақ жол, құрметті мектеп бітіруші түлектер! №23 мектеп-лицейіміздің ұстаздар қауымына еңселі еңбектері үшін мың алғыс айтамын. Шығармашылықтарыңыз шыңдала берсін! Әрдайым шәкірттеріміздердің, балаларымыздың биік жеңістерін, жетістіктерін көрейік! Ел аман, жұрт тыныш болып, індеттен арылып, бақытты бейбіт өмір сүрейік!

Похожие публикации:

01 сентябрь 2018 Мектеп ережесі
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив