Школа №30
Телефоны приемной:
(8752) 56-31-58
(8752) 56-26-83
Версия для
слабовидящих
02
март
2024

Қадірлі достар!


Сіздерді көктемнің алғашқы шуағымен бірге келген ең ізгі мерекеміздің бірі – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн – еліміздегі түрлі этнос өкілдерінің қазақ халқына деген ізгі ниетін білдіретін, барша қазақстандықтардың бірлігін айғақтайтын ерекше күн.

Бүгінгі жаңа, әділетті Қазақстанның басты ұстанымы әділет пен ізгілікке негізделген.
Алғыс айту – ризашылық сезімін білдіру ғана емес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан тәлім-тәрбие жемісі, жанашырлықтың, ынтымақ пен бірліктің айқын нышаны.

Ізгі қоғамды қалыптастырып, еліміздің кемел келешегіне қызмет ететін ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздарымыздың еңбегі зор. Оқушыларымыз халықаралық ғылыми байқауларда, өнер жарыстары мен әлемдік спорттық додаларда топ жарып, еліміздің абыройын арттырып, білім ошағымыздың мәртебесін биіктетіп келеді.

Бүгінгі мерекеде баршаңызға айрықша алғыс айтып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға құт-береке тілейміз!

Құрметпен, №23 мектеп-лицейінің ұжымы.
[media=https://www.instagram.com/p/C39pbloNV9q/]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив