Школа №30
Телефоны приемной:
(8752) 56-31-58
(8752) 56-26-83
Версия для
слабовидящих
» » Бүгін, 1 наурыз - «Алғыс айту күні» орай «Рахмет саған, Анашым!» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігі №23 мектеп-лицейінің директоры Тойлыбаева Жанар Жорақызына және лицей оқушысы, жас өнертапқыш Дияра Жолдасбайға алғыс білдірді.
02
март
2024

Бүгін, 1 наурыз - «Алғыс айту күні» орай «Рахмет саған, Анашым!» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігі №23 мектеп-лицейінің директоры Тойлыбаева Жанар Жорақызына және лицей оқушысы, жас өнертапқыш Дияра Жолдасбайға алғыс білдірді.

Бүгін, 1 наурыз - «Алғыс айту күні» орай «Рахмет саған, Анашым!» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігі
№23 мектеп-лицейінің директоры Тойлыбаева Жанар Жорақызына және лицей оқушысы, жас өнертапқыш Дияра Жолдасбайға алғыс білдірді.

Естеріңізде болса мектебіміздің мақтанышы Дияра Жолдасбай «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы аясында грант ұтып қаржысын қайырымды іске жұмсаған болатын. Яғни, шәкіртіміздің «Ыңғайлы алаңша» жобасы «Рахмет саған анашым» қоғамдық бірлестігінің алаңшасында бой тіктеген еді.

Осылайша ерекше күтімді қажет ететін жандар, арбасынан түспей ақ әткеншек теуіп, қол бұлшық етін дамыту үшін арнайы темірде шынығуға мүмкіндік алған болатын.

Мемлекеттен алған қайтарымсыз қаржысын сауапты іске жұмсаған Дияраның ісі көпке үлгі. Осы мақсатта аталған бірлестік өкілдері ерекше алғыстарын жеткізіп, ерекше балалар өз өнерлерін тарту етіп ән айтты.
[media=https://www.instagram.com/p/C3-EDnDtws4/?img_index=1]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив