Школа №30
Телефоны приемной:
(8752) 56-31-58
(8752) 56-26-83
Версия для
слабовидящих
02
март
2024

ҚАРТТАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ



Алғыс айту күніне орай, лицейіміздің 50-ге жуық оқушысы «Қарттар үйіне» барып, ардагерлерге алғыс білдірді.

Оқушылардың келгеніне қатты қуанып қалған қарттар мен мекеме қызметкерлері риза болып, жақсы көңіл-күймен қарсы алып алды. Оқушыларымыз мәдениеттілік танытып, амандасып, халдарын сұрап, өздері дайындап әкелген қазақша, орысша өлеңдерін хормен айтып, тақпақтарын мәнерлеп оқып, сол жердегі ата-әжелердің көңілдерін бір серпілтіп тастады.

Ардагерлер көз жасына ерік беріп, ақ батасын беріп, «Көп жасаңдар, айналайындар!», «Жақсы бала болыңдар!» деп игі тілегін айтып жатты. Біздің оқушыларымыз да «Ауырмаңыз!», «Жазылып кетіңіз!» деген сөздерін айтып жатты. Кетер соңында бірлесе суретке түсіп, қош айтысты.
[media=https://www.instagram.com/p/C3-J-SQN0P4/] 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив