Школа №30
Телефоны приемной:
(8752) 56-31-58
(8752) 56-26-83
Версия для
слабовидящих
» » «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – үлгі»
10
февраль
2024

«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – үлгі»

«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – үлгі». Бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы жастар үшін үлгі, шежіре, тағдыр, тарих.
15 ақпан – Ауған соғысының аяқталған күні. Осыған орай, №23 мектеп-лицейінде Ауған соғысы ардагерлерімен ауқымды кездесу өтті.

Іс-шарада “Ауғаныстан ардагерлері” республикалық қоғамдық бірлестігі кеңесінің шешімімен №23 мектеп-лицейінің директоры Тойлыбаева Жанар Джураевна “Сауап” медалімен марапатталды. Төсбелгі, Жанар Жорақызының жастарға жоғары деңгейде патриоттық тәрбие беру және белсенді азаматтық ұстанымы үшін қауымдастықтың төрағасы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың атынан табысталды.

Сондай-ақ, бірқатар әріптестеріміз Людмила Владимировна, Абдукаримов Нұрлан, Өтегенова Клара Мұсақызы алғыс хаттармен марапатталды.

Кездесуде, Ауған соғысының ардагерлері Ауғанстандағы әскери қызметі туралы естеліктермен бөлісті. Жылдар жылжып өткенімен, ерлікпен қаза тапқан ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі ел есінде мәңгі сақталады. Сондықтан да жас буынға ауған ардагерлерінің өжеттігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу әрқайсымыздың қасиетті борышымыз.
[media=https://www.instagram.com/p/C3Iw5dFNomQ/?img_index=1]

Похожие публикации:

06 февраль 2023 ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!
01 сентябрь 2018 Мектеп ережесі
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив