Школа №30
Телефоны приемной:
(8752) 56-31-58
(8752) 56-26-83
Версия для
слабовидящих
02
февраль
2024

ҚАРТТАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ



Лицей оқушылары, «Қарттар үйіне» барып, ардагерлермен кездесті.

Біздің ұстаздар балаларға тек жылы сөздермен тәрбие беріп қоймай, сонымен қатар, жақсылық пен жамандықтың ара-жігін ажырата біліп, қайырымдылық пен қамқорлықтың қандай болуы керек екенін көрсету үшін қарттар үйіне барып, музейлер мен мәдени орындарды аралатады.
Бұл өз кезегінде жанашырлық пен қайырымдылық сезімдерін оятып, игі қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етеді.

«Қарттар үйі» денсаулығы нашар, жасы егде тартқан қарттарға көмек көрсететін әлеуметтік мекеме ретінде жұмыс істеп келеді.

Оқушылардың келгеніне қатты қуанып қалған қарттар мен мекеме қызметкерлері риза болып, жақсы көңіл-күймен қарсы алып алды. Оқушыларымыз мәдениеттілік танытып, амандасып, халдарын сұрап, өздері дайындап әкелген қазақша, орысша өлеңдерін хормен айтып, тақпақтарын мәнерлеп оқып, сол жердегі ата-әжелердің көңілдерін бір серпілтіп тастады.

Ардагерлер көз жасына ерік беріп, ақ батасын беріп, «Көп жасаңдар, айналайындар!», «Жақсы бала болыңдар!» деп игі тілегін айтып жатты. Біздің оқушыларымыз да «Ауырмаңыз!», «Жазылып кетіңіз!» деген сөздерін айтып жатты. Кетер соңында бірлесе суретке түсіп, қош айтысты.
[media=https://www.instagram.com/p/C20BippN6fG/]

Похожие публикации:

01 сентябрь 2018 Мектеп ережесі
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив