Школа №30
Телефоны приемной:
(8752) 56-31-58
(8752) 56-26-83
Версия для
слабовидящих
» » Қазіргі таңдағы жеткіншектермен қалай сөйлесу қажет?
02
февраль
2024

Қазіргі таңдағы жеткіншектермен қалай сөйлесу қажет?


№23 мектеп-лицейінде “Қадір-Қасиет” қоғамдық бірлестігінің жетекшілері ата-аналармен сынып жетекшілерге “Қазіргі таңдағы жеткіншектермен қалай сөйлесу қажет?” тақырыбында тренинг өткізді.

Спикерлер:
1. Анара Ибраева, «Қадір-Қасиет» ҚБ директоры, ф.ғ.к.
2. ⁠Светлана Бекмамбетова, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі
3. Әділ Сейтқазиев, Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының Шымкент қаласындағы филиалының директоры

Басқосуда мұғалімдер мен ата-аналардың өзара байланысы берік болуы айтылды.

“Мектептегі және сыныптағы буллингпен күрес мәселесі бұл үлкен тақырып. Мұғалімдер әсіресе балалардың ата-анасымен тығыз байланыста болуы керек. Өйткені көбінесе ата-анасы баласының сыртқа шыққандағы мінез-құлқынан хабары болмай қалады. Содан соң сыныпта ортақ жағымды атмосфера қалыптастыру маңызды. Бұзақылыққа баратын балаларды сынып арқылы тәрбиелеу секілді. Басқа мектепке ауысу кез келген жағдайда балаға көмегін бере бермейді, себебі қудалау жалғасуы мүмкін»-деді Анара Ибраева.

Ал, ата-аналар үшін бірінші кезекте баламен ашық және жиі сөйлесіп тұруы қажет екендігі айтылды.

-Себебі буллинг тақырыбында көбірек сөйлескен жағдайда ғана бала қысымға ұшырағанын не қатарластарынан көргенін айта алады. Мектептегі уақыты қалай өткенін, интернетте не істейтінін сұраған жөн. Тек сабақ үлгерімі емес, баланың сезімі, қатарластарымен қарым-қатынасы жайлы да сөйлесу қажет,-деді Светлана Бекмамбетова.
[media=https://www.instagram.com/p/C21d3RWNSth/?img_index=1]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив